Питерлік қалыңдық TikTok-тегі трендті қайталамақ болып, тойға екі сағат қалғанда қолын сындырып алды...
2030 жылға қарай смартфондар болмайды
Фото: әлеуметтік желіден
Америкалық миллиардер, Tesla және X (бұрынғы Twitter) компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы онжылдықта смартфон дәуірі аяқталатынын, ал олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық жүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Масктің сөзінше, бүгінгі күні біз қолданып жүрген телефондар болашақта мүлде басқа сипатқа ие болады:
Қазір “телефон” деп жүргеніміз — ЖИ арқылы бейнеталдау жасайтын және байланысқа арналған радиомодульдері бар құрылғыға айналады. Яғни сіздің сервердегі жасанды интеллектіңіз тікелей құрылғыңыздағы ЖИ-мен өзара әрекеттеседі, — деді Маск.
Кәсіпкердің пікірінше, болашақта операциялық жүйелер мен мобильді қосымшаларға қажеттілік болмайды. Олардың орнын экран және дауыс арқылы басқарылатын, жасанды интеллектке толық интеграцияланған құрылғылар басады. Бұл құрылғыларда ИИ негізгі басқару және талдау функцияларын өз мойнына алады.
Масктың айтуынша, даму қарқыны сақталса, жасанды интеллект жақын жылдары адамның ойы мен тілегін алдын ала түсінуге және болжауға қабілетті болады.
ЖИ сізден бұрын не қажет екенін өзі анықтап, сіз ойлаған нәрсені болжай алатын деңгейге жетеді, — деді ол.