Қолы көгеріп, аяғы іскен: Дәрігерлер Трамптың денсаулығы туралы айтты

Фото: Pixabay

PESTEL
182

Ақ үйX әлеуметтік желісінде  АҚШ президенті Дональд Трамптің кезекті медициналық тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Президенттің емдеуші дәрігері Шон Барбабелланің айтуынша, 79 жастағы мемлекет басшысының денсаулығы өте жақсы және ол президенттік міндетін толық атқара алады.

Тексеру осы аптада Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталықта өткен.

Дәрігер Трамптың аяқтарындағы аздаған ісіну өткен жылмен салыстырғанда азайғанын, сондай-ақ қолында жеңіл көгерулер бар екенін айтты. Оның пайда болуы жиі қол алысумен және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін аспирин қабылдаумен байланыстырылады.

Қорытындыға сәйкес, АҚШ президентінің жүрек, өкпе және жүйке жүйесінің жұмысы қалыпты жағдайда. Сондай-ақ тексеру барысында депрессия, мазасыздық немесе когнитивтік бұзылыстар белгілері анықталмаған.

Алдын алу мақсатындағы кеңес беру жүргізілді. Оның аясында тамақтану режимі, аз мөлшерде аспирин қабылдау, физикалық белсенділікті арттыру және салмақты азайту жұмыстарын жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді, – делінген қызметтік жазбада. 

Шоу-бизнес

Жақын құрбысының анасы өмірден өткенін, сол жерде қызмет етіп, көмектесіп жүргенін әлдеқандай етіп ә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы трагедияға қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы жұрт естімеген м...