Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі нәтижелі жұмыспен қамту ісі алдыға шығып тұр. Осы орайда Көкшет...
Алау мерекесінде шелек аударылып, 16 адам күйіп қалды
Фото: Pixabay
Қытайда алау мерекесі кезінде 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға Юньнань провинциясының Лэфэн елді мекенінде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өрт жанғыш сұйықтық құйылған пластик шелектің аударылып кетуінен шыққан.
Куәгерлердің бірі оқиға болған сәттің видеосын жариялады. Кадрлардан түнде алаңқайда бір топ адамның алаумен ойнап жүргенін көруге болады. Кенет әлсіз тарсыл естіліп, от тұтанып, айналадағы адамдар жан-жаққа қаша бастаған.
Кейбір адамдар жерге құлап, киімдеріне от тиген. Оқиға орнында болғандар дереу көмекке ұмтылып, жалынды сөндіруге кіріскен.
Салдарынан 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, олардың жағдайы тұрақты.