Белуджистанда автобус апатынан 40 адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal....
«Билікті басып алу ісі: Қырғызстанның экс-президентінің ұлы төрт жылға сотталды
әлеуметтік желіден
Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға дайындалу және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Сотталғандардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы да бар, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бішкектің Бірінші май аудандық соты жабық режимде өткен сот отырысында бірнеше адамға үкім шығарды.
Атап айтқанда, «Социал-демократтар» партиясының өкілі Темирлан Султанбеков мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадыр Атамбаев төрт жылға сотталды.
Эрмек Эрматовқа қатысты айып қайта сараланып, оған пробациялық бақылау тағайындалды. Ол сот залынан босатылды. Ал Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Кубанычбек Кадыров толық ақталды.
Тергеу мәліметінше, айыпталушылар 2025 жылғы қарашада өткен мерзімінен бұрынғы парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайындалған.
Алайда айыпталушылар мен олардың туыстары тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Еске салайық, аталған іс бойынша 2025 жылдың қарашасында он адам ұсталған болатын. Сот процесі 14 шілдеде басталып, жабық режимде өтті.