5 бала: Танымал тұлғаның әкесіне өз балаларын зорлады деген айып тағылды

Фото (Илон Маск): Trevor Cokley (Wikimedia Commons, Public Domain)

PESTEL
854

79 жастағы Эррол Маскқа қатысты күдік 90-жылдары-ақ пайда болған. Алайда ол мұның бәрін ойдан шығарылған дейді. Оны өз балалары мен өгей балаларын қоса алғанда бес балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткеніне қатысты айыптап жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Bild-тің New York Times-қа сілтеме жасап жазған мәліметінде, алғашқы айыптаулар 1993 жылы шыққан. Ол кезде төрт жасар өгей қызы туыстарына әкесі «оған әдепсіз әрекет істеп тиіскенін» айтқан екен. 

Кейін отбасының басқа мүшелері де оның екі қызына және бір өгей ұлына қысым жасағанын мәлімдеген. Барлығы іске қатысты үш тергеу басталып, оның екеуі дәлел болмай жабылып қалған, ал үшіншісінің тағдыры белгісіз. Масктың әкесі айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

 «Ешқандай дәлел жоқ, өйткені бұл – сандырақ», – деп қысқаша қайырды ол.

Оның сөзінше, туыстары балаларды қасақана айдап салып, Илона Маскқа қаржылық қысым көрсеткісі келген. Айта кетейік, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бұрыннан нашар. Илон Маск әкесін сирек еске алады, еске алса да әдетте теріс баға беріп сипаттайды.

2017 жылы Rolling Stone-ға берген сұхбатында ол әкесін «елестетуге болатын барлық жамандықты жасаған адам» деп атады. Сондай-ақ, бала кезінде жалғыз қалған әкесін аяп, оның қасына көшіп барғанын, бірақ қазір бұл шешімін «сәтсіз идея» деп санайтынын мойындады.

Илон Масктың өзі де балаларымен жақсы қарым-қатынаста емес. Биыл көктемде оның қызы, трансгендер тұлға Вивиан Дженна Уилсон әкесін «аянышты, есеймеген ер адам» деп атады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...