Түркия парламентінде жаңа министрлердің ант беру рәсімі кезінде төбелес болды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
598

Түркия парламентінде төтенше жағдай орын алды. Депутаттар бір-біріне қол сермеп, жаға жыртысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінде (TBMM) Әділет министрі Акын Гюрлек пен Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчидің ант беру рәсімі алдында жағдай шиеленіскен.

Оппозициялық CHP (Республикалық халық партиясы) депутаттары жаңа министрлердің ант беруіне кедергі жасамақ болып, мінбені басып алған. Соның салдарынан билік басындағы партия мен CHP депутаттары арасында төбелес басталды.

Қақтығысқа қарамастан, ант беру рәсімі ақыры өткізілді. Осыдан кейін парламент жұмысында үзіліс жарияланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Курьер-ана барлық көмектен бас тартты. Бұл туралы желіде Алмат Несіпқалиев есімді азамат жазды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жәкішевтің құдалары әлі талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....