Тірі қалған ешкім жоқ: Аляскада ұшақ құлап, 8 адам қаза тапты (ВИДЕО)

x.com/@Globupdate

PESTEL
98

АҚШ-тың Аляска штатында Cessna 441 чартерлік ұшағы апатқа ұшырап, борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Ұшақ Анкоридж қаласынан Кейп-Ньюэнхемге бағыт алған. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, әуе апаты бейсенбі күні шамамен сағат 12:15-те болған.

Ұшақ бортында екі ұшқыш пен алты жолаушы болған. Әуе кемесі Security Aviation компаниясының чартерлік рейсін орындаған.

«Іздеу-құтқару қызметінің экипаждары тірі қалғандар жоқ екенін растады», – деп хабарлады Аляска қолбасшылығы.

Ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі Кейп-Ньюэнхем аэродромының маңына құлаған. Бұл аэродром шалғайдағы радиолокациялық нысанға қатынауды қамтамасыз етеді.

Қаза тапқандар арасында АҚШ армиясының Инженерлік корпусының екі қызметкері болған. Ведомство апатқа ұшыраған ұшақ олардың чартерлік рейстерінің бірін орындағанын растады.

Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Тергеуді АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі Федералдық авиация басқармасымен бірлесіп жүргізеді.

«Бұл – біздің әскери отбасымыз бен біз қызмет ететін қауымдастықтар үшін орны толмас қаза. Олар күрделі жағдайда маңызды міндет атқарған өз ісіне адал мамандар еді», – деді АҚШ Әскери-әуе күштерінің генерал-лейтенанты Роберт Дэвис.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті қыз күйеуінің қатыгездік көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 2026–2030 оқу жылдарына арналған қала әкімдігінің мемлекеттік білім гранттары иегерле...