Ақ үй «Американың жаулары» деген жазба жариялады: Олардың қатарында кімдер бар?

Фото: x.com/WhiteHouse

PESTEL
940

Ақ үй X әлеуметтік желісінде саяси лидерлердің суретін және «Президент Дональд Трамп залалсыздандырған Американың жаулары» деген жазбаны жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Суретте Кубаның бұрынғы лидері Рауль Кастро, Венесуэла президенті Николас Мадуро, Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи, сондай-ақ ДАИШ (ИГИЛ) командирлерінің бірі Әбу әл-Майнуки көрсетілген.

Сондай-ақ, Рауль Кастроның фотосында оған айып тағылғаны туралы белгі көрсетілген.

BBC-дің хабарлауынша, АҚШ билігі Кубаның бұрынғы лидеріне «АҚШ азаматтарын өлтіру мақсатында сөз байласты» деген айып тақты.

Әңгіме 1996 жылғы оқиға туралы болып отыр. Ол кезде Куба «Brothers to the Rescue» гуманитарлық ұйымының екі ұшағын атып түсірген болатын.

Салдарынан төрт адам қаза тапты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...