Әскери тікұшақтың апатқа ұшырауынан бес адам қаза тапты

ЖИ

PESTEL
82

Түркияның Эскишехир провинциясында әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан борттағы бес әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешке болған. Түркия Әскери-әуе күштеріне тиесілі AS-532 Cougar тікұшағы Эскишехирден оқу-жаттығу мақсатында әуеге көтерілгеннен кейін құлаған.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару қызметтері мен төтенше жағдай мамандары жұмылдырылған. Министрлік кейінірек тікұшақ бортындағы бес әскери қызметшінің қаза тапқанын растады.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қарулы күштерге және түрік халқына көңіл айтты.

Айта кетейік, бұл – Түркияда соңғы екі аптада болған екінші әскери тікұшақ апаты. 12 қарашада Малатья провинциясында әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапқан болатын.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мақпал Исабекова Zamandas подкастына берген сұхбатында төрт жылдық декреттік демал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тengrinews.kz мәліметінше, Жаңаарқа ауданында жеке үйдің ауласында тұрған үш көлік өртенді, деп ха...