АҚШ грин-карта лотереясын уақытша тоқтатты

Фото: White House

PESTEL
325

АҚШ билігі Браун университетіндегі атыстан кейін грин-карта лотереясы ретінде белгілі DV1 бағдарламасын уақытша тоқтататынын жариялады. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, атыс жасады деген күдікке ілінген Клаудио Мануэль Невеш-Валенте АҚШ-қа 2017 жылы DV1 бағдарламасы арқылы кіріп, кейін грин-карта алған. Бағдарламаны тоқтату туралы шешім президент Дональд Трамптың тапсырмасымен қабылданған. Әкімшілік өкілдері DV1 бағдарламасын ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіп ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

«Браун университетінде атыс жасаған Клаудио Мануэль Невеш-Валенте 2017 жылы иммиграциялық әртүрлілік визаларының DV1 бағдарламасы арқылы АҚШ-қа кіріп, грин-карта алды. Бұл қылмыскер ешқашан елімізге кіргізілмеуі керек еді. 2017 жылы президент Трамп Нью-Йорктегі қайғылы терактіден кейін бұл бағдарламаны тоқтатуды ұсынған болатын. Ол кезде DV1 бағдарламасы арқылы АҚШ-қа келген ИГИЛ содыры жүк көлігімен адамдарды қағып, сегіз адамды қаза таптырған. Президент Трамптың тапсырмасы бойынша мен АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметіне DV1 бағдарламасын дереу тоқтату туралы нұсқау беріп отырмын, бұдан былай бұл жойқын бағдарламаның кесірінен бірде-бір америкалық зардап шекпеуі тиіс», – делінген жарияланымда. 

Дәл осы бағдарламамен байланысты 2017 жылы Нью-Йоркте болған теракт те негізгі дәлел ретінде аталады. Ол кезде ИГИЛ мүшесі сегіз адамды өлтірген.

АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметіне ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында бағдарламаны қосымша тексеру және оның тетіктерін қайта қарау үшін DV1 бағдарламасының әрекетін уақытша тоқтату тапсырылды.

Иммиграциялық әртүрлілік визалары бағдарламасы 1990 жылдан бері жұмыс істейді және оны АҚШ Мемлекеттік департаменті жүзеге асырады. Бағдарлама АҚШ-қа иммиграция деңгейі төмен елдердің азаматтары арасында жыл сайын 50 мыңға дейін виза ұтысқа тігуді көздейді. Жеңімпаздар визаны алмас бұрын стандартты тексерулер мен консулдық сұхбаттардан өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...