Ер адам зергерлік дүкенде 18 карат алтыны бар бағалы жұмыртқаны жеп қойды

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
280

Полиция Оклендтегі Partridge Jewelers зергерлік дүкенінде Fabergé-дің бірегей алқасын ұрлауға әрекеттенген 32 жастағы ер адамды қамауға алды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып қалмай тұрып, әшекейді жұтып қойған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz DW-ге сілтеме жасап.

Fabergé алқасының құны — 33 мың Жаңа Зеландия долларын (шамамен 19 мың АҚШ доллары немесе 9 млн теңге) құрайды. Дүкен қызметкерлері ер адамның әшекейді жұтқанын өз көздерімен көрген. Ұсталған соң ол медициналық тексерістен өтті. Енді полиция алқаның табиғи жолмен сыртқа шығуын күтуде. Associated Press агенттігі атап өткендей, әзірге әшекей тәркіленген жоқ. 

“Octopussy” (“Осьминожка”) деп аталатын шектеулі сериядағы бұл Fabergé жұмыртқа түріндегі алқа 1983 жылғы Джеймс Бонд туралы фильмнен шабыт алған. Фильм сюжетінде жалған Fabergé жұмыртқасын пайдаланып, қымбат тастарды контрабандалау операциясы маңызды рөл атқарады. Дүкен сайтындағы сипаттамаға сәйкес, ұрланған жұмыртқаның биіктігі 8,4 см, ол алтыннан жасалып, жасыл эмальмен қапталған және 183 гауһар мен екі сапфирмен безендірілген. Барлығы 50 дана жасалған.

“Жұмыртқа ашылғанда ішінде 18 караттық сары алтыннан жасалған, сорғыштары ақ, көздері қара гауһардан жасалған сегізаяқ бейнеленген”, – делінген хабарламада. 

Енді бәрі күдіктінің ас қорыту жүйесінің жұмысына байланысты, деп хабарлады полиция. 8 желтоқсанда ол сот алдында жауап беруі тиіс.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...