АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты ұстанымы жақын уақытта нақты шешімге келеті...
«Үйінді астында 100-ге жуық адам қалуы мүмкін»: Жеті қабатты үй құлады
Reuters
363
Газа секторында соғыс кезінде зақымданған жеті қабатты тұрғын үй құлап, кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Олардың бесеуі – бала. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
Оқиға 16 қыркүйекке қараған түні болған. Бұған дейін әуе соққыларынан зақымданған ғимаратты баспанасыз қалған кемінде 10 отбасы паналап келген.
Құтқарушылардың мәліметінше, 14 адам жарақат алған. Үйінді астында тағы 100-ге жуық адам қалуы мүмкін. Ауыр техниканың жетіспеуінен құтқару жұмыстары қиындап, кей тұрғындар үйіндіні қолмен аршуға мәжбүр.
Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.