Америкалық продюсер және рэпер Шон Комбстың (P. Diddy) түрмеде отыру уақыты ұзарды, деп хабарлайды M...
Автобус аялдамаға соғылды: қаза тапқандар бар
Фото: видеодан скриншот/svt.se
BBC Стокгольмде автобус аялдамада тұрған адамдар тобына соғылғанын хабарлады. Швед полициясы үш адамның қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алғанын мәлемдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Билік қаза тапқандардың кім екенін анықтауға тырысып жатыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 15:00-де, Стокгольмнің шығыс бөлігіндегі Эстермальм ауданында орналасқан Валхаллавеген көшесінде, қарбалас уақытта болған.
Қайғылы жағдайдың себебі әзірге белгісіз.
Полиция мәлімдемесінде бұл оқиға әзірге жазатайым оқиға ретінде қарастырылып жатқаны айтылды. Полицияның ресми өкілі Надя Нортонның айтуынша, автобустың жүргізушісі ұсталған.
Швецияның SVT телекомпаниясы хабарлағандай, екі қабатты автобус елорданың солтүстік аудандарында тасымалдау қызметін көрсететін Transdev компаниясына тиесілі. Апат кезінде автобус рейс орындамаған, сондықтан ішінде тек жүргізуші ғана болған.
Апат болған көшеде дүкені бар кәсіпкер оқиға куәсі болған. Ол SVT-ге берген сұхбатында автобустың аялдама алдындағы бағанға соғылғанын айтты. Оның сөзінше, бірнеше адам айқайлап, дүкенге жүгіріп кірген.
Expressen газеті апат куәгері болған әйелдің сөзін келтіреді. Оның айтуынша, автобус «аялдамада тұрған бүкіл кезекті жайпап өткен».