Жазасы ұзартылды: P. Diddy түрмеде отырып та тәртіп бұзды

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
1306

Америкалық продюсер және рэпер Шон Комбстың (P. Diddy) түрмеде отыру уақыты ұзарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Музыканттың жазасын өтеу мерзімі түрме ережелерін бірнеше мәрте бұзғанына байланысты ұзартылған. Бұған дейін ол Нью-Джерсидегі Форт-Дикс федералды түзеу мекемесінде 2028 жылдың 8 мамырында босатылады деп жоспарланған еді. Алайда соңғы түзетулерге сәйкес, босату күні 2028 жылдың 4 маусымына ауыстырылды.

Айта кетейік, Шон Комбс 4 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. АҚШ прокурорлары оның ісінде ауырлататын мән-жайлар бар деп санап, 11 жылға дейінгі жаза тағайындауды сұраған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады...

PESTEL

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болған тікұшақ апаты салдарынан америкалық әнші әрі музыкант Ol...