Шымкентте 14 жасар оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 14 жастағы жеткіншекті...
Бірге тұру және некеге дейінгі қарым-қатынастар үшін қамауға алыну мүмкін
Фото: Pixabay
Индонезияда голланд отаршылдығы кезеңінен қалған, елде 80 жылдан астам уақыт қолданылған қылмыстық заңнаманы алмастырған жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Бұл елдің құқықтық жүйесіндегі елеулі өзгерістерді білдіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz The Associated Press-ке сілтеме жасап.
Өзгертілген кодекске сәйкес, некесіз жыныстық қатынас бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен, ал бірге тұру (сожительство) алты айға дейінгі мерзіммен жазаланады. Алайда, зинақорлық істері тек жұбайының, ата-анасының немесе балаларының арызы бойынша ғана қаралады. Үкіметтің айтуынша, бұл кепілдік заңның өз бетінше қолданылуына, соның ішінде туристерге қатысты да, жол бермеу үшін енгізілген.
Кодекс сондай-ақ қазіргі президентті немесе вице-президентті, мемлекеттік институттарды және ұлттық идеологияны қорлауға тыйым салуды қайта енгізеді. Мұндай әрекеттер үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңа кодекс құдайды қорлау туралы қолданыстағы заңды да кеңейтеді. Индонезияда ресми түрде танылған алты діннің негізгі ілімдерінен ауытқу үшін бес жылға дейін түрме жазасы сақталады. Сонымен қатар, марксистік-лениндік ұйымдармен байланыс үшін 10 жылға дейін, ал коммунистік идеологияны тарату үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қайта қаралған кодексте адам құқықтарын қорғау ұйымдарының жою туралы үндеулеріне қарамастан, өлім жазасы сақталып қалды. Алайда 10 жылдық сынақ мерзімі енгізіледі: егер сотталған адам осы уақыт ішінде жақсы тәртіп көрсетсе, өлім жазасы өмір бойғы бас бостандығынан айыруға немесе 20 жылдық жазаға ауыстырылуы мүмкін.
Сондай-ақ заң аборт жасауға тыйымды сақтайды, бірақ өмірге қауіп төндіретін аурулар кезінде және зорлау нәтижесінде пайда болған жүктілік жағдайларында, егер ұрықтың жасы 12 аптадан аспаса, қолданыстағы ерекшеліктерді ресми түрде бекітеді.