Мектеп дәретханасындағы қайғылы оқиға: кісі өлтірген жасөспірім ақталды

Aapple Wong

PESTEL
755

Малайзияда 16 жастағы сыныптас қызын пышақтап өлтірген жасөспірім сот шешімімен ақталды. Судья оның қылмыс кезінде психикалық дертке шалдыққанын ескерген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Куала-Лумпур маңындағы мектептердің бірінде болған. Оқиға кезінде 14 жаста болған жасөспірім Яп Шинг Сюэн есімді қызды мектеп дәретханасында пышақтаған.

Сот барысында психиатр-сарапшы айыпталушының тоғыз жасынан бері шизофрениямен ауыратынын растады. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, арнайы психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдауға жіберді. Ол қоғамға қауіпсіз деп танылғанға дейін дәрігерлердің бақылауында болады.

Бұл оқиға Малайзияда мектептегі зорлық-зомбылық пен әлеуметтік желілердің балаларға ықпалы туралы қызу пікірталас туғызды. Ел билігі 16 жасқа толмаған балаларға негізгі әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салды.

Ал қаза тапқан қыздың анасы сот шешімінен кейін әділдік үшін күресін жалғастыратынын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығыс...

Шоу-бизнес

Актер әрі әуесқой жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне қымбат көлігін сыйға тартты, деп хабарла...