Бүкіл әлемде ChatGPT жұмысындағы ақаулар туралы шағымдар түскен

Фото: Pixabay

PESTEL
414

Сәрсенбі күні кешке бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар ChatGPT, Claude, Grok, Google Gemini және басқа да нейрожелілер сияқты ЖИ сервистерінің жұмысындағы ақаулар туралы хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Сервистер мәліметінше, онмыңдаған шағым түсіп жатыр. Қолданушылар хабарлама жібере алмай, жауап ала алмай отыр: чаттарды пайдалану әрекеті кезінде қате шығады.

Жаппай іркілістерді Downdetector мониторинг деректері растайды. Шағымдардың басым бөлігі түрлі ақау туралы – олар жалпы өтініштердің 46 пайызын құраған. Тағы 38 пайыз пайдаланушы сервистің толық істен шыққанын айтып отыр. Пайдаланушылардың жеті пайызы сайт жұмысындағы кемшіліктерді атап өтсе, тағы соншасы жеке кабинетпен жұмыс істеу кезінде қиындықтарға тап болған.

Ақаулар туралы хабарламалар әртүрлі елден түсті. Іркіліс байқалған аймақтардың қатарында АҚШ, Қазақстан, Ресей (Мәскеу мен Петербург), Нидерланды, Германия және Ұлыбритания бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...