Күйеуінің бас сүйегімен саяхатқа шыққан әйел анықталды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1861

Қырым көпірінен өту кезінде ресейлік әйелдің жүгінен күйеуінің бас сүйегі табылды. Бұл туралы Telegram-арнасыMash  мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Калининград қаласының тұрғыны (РФ) ерінің сүйектерін тасымалдауға рұқсат беретін барлық құжаттарды ұсынған. Сондықтан оны құқық қорғау органдары ұстаған жоқ. 

Әйелдің айтуынша, күйеуі тірі кезінде, егер өзі қайтыс болса, оның сүйектерімен бірге демалысқа шығуын өтінген. Күйеуі қайтыс болған соң, ол бұл уәдесін орындаған. 

Мамандар атап өткендей, егер әйелде қажетті құжаттар болмағанда, бұл әрекет вандализм немесе қара нарықтағы ағза саудасы (трансплантация) ретінде бағалануы мүмкін еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...