Nowruz Pirouz: Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Фото: Getty Images

PESTEL
673

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап. 

"Америка Құрама Штаттарында және бүкіл әлемде ежелгі Наурыз мерекесін тойлайтындардың барлығына шын жүректен тілектеспін. Бұл парсы халқы үшін көктемнің басталуы мен парсы Жаңа жылын белгілейтін қуанышты оқиға. Бұл ежелгі мереке - өткен жылдың игілігі туралы ойланып, көктемді жаңарған оптимизм рухымен қарсы алатын уақыт", - делінген Ақ үй хабарламасында. 

Сондай-ақ, Трамп парсы халқының ғылым, технология, өнер және құқықтың әртүрлі салаларына қосқан елеулі үлесін атап өтті. 

"Парсы мәдениеті дәстүрге және математика, ғылым, заң, технология және өнер салаларындағы тамаша жетістіктерге бай. Бұл таланттар қоғамға орасан зор үлес қосады", - деді Трамп. 

Құттықтауының соңында Трамп Наурыз мерекесін тойлап жатқан баршаға амандық тіледі. 

"Америка Құрама Штаттарының атынан сіздерді осы қуанышты мерекемен құттықтаймын. Наурыз Пируз!" – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полици...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мотоцикл мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты...