Трамп соққы жасауға бұйрық берді деген хабар тарады

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
1474

Венесуэла астанасы Каракаста жарылыстардың болғаны туралы хабар тарады. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға, соның ішінде әскери объектілерге соққы жасау жөнінде бұйрық берген. Бұл туралы америкалық ресми тұлғалар серіктес телеарна CBS News-ке мәлімдеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін Каракаста бірнеше жарылыстың дауысы естілгені хабарланған еді.

Венесуэлада төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл жөнінде ел басшысы Николас Мадуро мәлімдеді.

Ел үкіметінің хабарламасында:

"Венесуэла қазіргі Америка Құрама Штаттары үкіметінің Венесуэла аумағына қарсы жасаған аса ауыр әскери агрессиясын қабылдамайды, айыптайды және бұл туралы халықаралық қауымдастыққа мәлімдейді", – делінген.

Оқиғаға байланысты жағдай дамып жатыр, ресми деректер нақтылануда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...