«Один дома» фильміндегі пряниктен жасалған үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: BILD

PESTEL
632

«Один дома» рождестволық фильмінің 35 жылдығына орай Disney+ кинокомпаниясы Лос-Анджелесте кино тарихындағы ең танымал үйлердің бірі – басты кейіпкер Кевин Маккалистердің үйін салды. Ғимарат толықтай пряникпен жасалып, глазурьмен қапталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BILD-ке сілтеме жасап.

Пряник үйінің биіктігі 8 метр, ал ұзындығы 18 метрді құрайды. Бұл рекордтық құрылыс әлемдегі ең үлкен пряник үйі ретінде ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Disney+ бүкіл әлемдегі отбасылар, соның ішінде менің өз отбасым үшін де мерекелік маусымның ажырамас бөлігіне айналған фильмді атап өткеніне қуанышты», – деп мәлімдеді Disney+ бренд стратегиясы мен маркетинг жөніндегі вице-президенті Зак Джером баспасөз хабарламасында.

Үйді жасау үшін мынадай ингредиенттер қажет болды: 2,59 тонна ұн, 4 200-ден астам жұмыртқа, 4 400 пряник кірпіш және шатыр үшін 800 черепица, 75 литрден астам жеуге жарамды желім және шамамен 9 кг кондитерлік мастика. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Абай қаласындағы киім бутигінде болды.  38 жастағы әйел 70 жастағы сатушыны алдап, 10 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент бұл мейрамның ел үшін маңызды екенін алға тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &ldquo...