Француздың әлемге әйгілі актері Ален Делон дүниеден өтті

Фото: astanatv.kz

PESTEL
2246

Француздың әлемге әйгілі актері Ален Делон 88 жасында қайтыс болды,
деп хабарлайды madeniportal.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап. 

Актер 88 жаста еді. Оның отбасы әзірге ешқандай мәлімет таратпады.

Осыдан тура бір ай бұрын француз киножұлдызының қызы Анушка Делон әкесінің ауыр науқасқа шалдыққан суреттерін көрсеткен. 

Анушкадан басқа Ален Делонның екі ұлы бар - Энтони және Ален-Фабьен.

Маусым айында Анушка өзінің жеке блогында әкесіне хабарласып, әсерлі пост жазып, әкесінің қолын сүйген мұрағаттық ақ-қара фотосуретімен бөлісті.

Ален Делонның ұлы әкесінің эвтаназия туралы ойлап жүргенін айтты. Ал актердің өзі бұл жайтты қарастырып жатқанын мойындап, адамның жасы келген сайын «бұл дүниеден ауруханасыз және ине салмай-ақ тыныш кетуге құқығы бар» екенін айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» РМК-ның болжамынша, 26 шілде, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...