Иран мұнайды шектеуге қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay

PESTEL
143

Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына тиесілі кемелердің өтуіне ұзақ уақыт шектеу қоя алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресми өкілдің айтуынша, Иран мұндай шектеуді бірнеше жыл бойы сақтай алады.

Бұл шешім АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларын қамтамасыз ететін негізгі логистикалық бағыттардың бірі дәл осы бұғаз арқылы өтетінімен байланысты. Сарапшылардың пікірінше, егер қозғалыс бұған дейін-ақ шектелгенде, қарсы тараптың аймақтағы мүмкіндіктері әлдеқайда әлсірер еді.

Бұған дейін Al Jazeera телеарнасы Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін елдерді үш санатқа бөлуі мүмкін екенін хабарлаған. Олардың қатарында – "дұшпан", "бейтарап" және "достас" мемлекеттер. Дұшпан елдерге бұғаздан өтуге тыйым салынады, ал бейтарап мемлекеттерден ақы алынуы ықтимал.

АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы әскери әрекеттері бұғаз арқылы кеме қатынасының күрт азаюына әкелген. Бұл өз кезегінде мұнай мен сұйытылған газ тасымалына әсер етіп, әлемдік нарықта жанармай бағасының өсуіне себеп болған.

Қазіргі таңда бұғаз арқылы тек Иранға жақын елдердің кемелеріне ғана өтуге рұқсат берілген. Олардың қатарында Ресей, Қытай, Үндістан, Ирак пен Пәкістан бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды. Бұл туралы Прем...

Медицина

Қазіргі қоғамда созылмалы аурулардың көбеюі – денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің...