Газ баллонын толтыру пункті жарылып, 6 адам көз жұмды

Фото: Tashkent_Land Telegram арнасы

PESTEL
655

Өзбекстанның Қашқадария облысында газ баллондарын құю пунктінде болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Газета.uz-ге сілтеме жасап. 

Оқиға 8 маусым күні Карши ауданы аумағындағы тұрмыстық сұйытылған газ баллондарын толтыру пунктінде тіркелген.

Жергілікті биліктің мәліметінше, апат орнына жедел түрде құтқару қызметтері жіберілген. Өрт шамамен 14:05-те оқшауланып, кейін толық сөндірілген.

Жарылыс салдарынан екі жеңіл автокөлік (Cobalt маркалы) және газ тасымалдаушы көліктер, сондай-ақ жер асты отын резервуарлары зақымданған.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін Өзбекстан үкіметі арнайы комиссия құрды. Комиссия зардап шеккендерге көмек көрсету, апат салдарын жою және мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеумен айналысады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына  қатысты сот отырысында тағы бір жәбірленуші Айнұр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Атырау облыстық балалар ауруханасында 16 жастағы Жаркен Айжанның қайтыс болға...