Трамп жеңіске жетсе, америкалықтарға 5 мың доллар төлеуге уәде берді

Фото: Evelyn Hockstein / Reuters

PESTEL
160

АҚШ президенті Дональд Трамп Республикашыл партия алдағы қараша айында өтетін аралық сайлауда жеңіске жететініне сенім білдірді. Сонымен қатар ол партия Конгрестің екі палатасында да басымдыққа ие болса, америкалықтарға қаржылай төлем жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Трамп бұл туралы Техас штатында өткен Республикашыл партияның съезінде сөйлеген сөзінде айтты.

«Егер Республикашыл партия Өкілдер палатасы мен АҚШ Сенатындағы сайлауда жеңіске жетіп, Конгрестің екі палатасын да бақылауына алса, сіздер де бізбен бірге жеңіске жетесіздер. Мен АҚШ-тың әрбір кәмелетке толған азаматына 5 мың доллар көлемінде дивиденд төлеймін», – деді Дональд Трамп. 

Ол мұндай төлемдердің нақты қандай қаражат көзінен берілетіні және бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат келтірген жоқ.

Айта кетейік, АҚШ-та Конгрестің аралық сайлауы қараша айында өтеді. Бұл сайлауда Өкілдер палатасының барлық мүшесі және Сенаттағы орындардың бір бөлігі қайта сайланады. Нәтижесінде Конгрестегі күштердің арақатынасы өзгеруі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда емханада жұмыс істеген 30 жастағы Думан ауыр соққыдан кейін есін жимастан қайтыс болды. Марқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызы Камила Лукпановаға үйленген inDrive компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский...