Өскеменде көліктерге арналған көпір опырылып қалды

Фото: instagram.com/akyshovalmat

ЖАҢАЛЫҚТАР
1479

Өскеменде көліктер өтуге арналған Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен жедел әрекет ететін арнайы бөлімшелер жұмылдырылды. Қазір апаттың салдарын жою шаралары қолға алынған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындардан сабыр сақтап, апат аймағына бармау сұралады.

Өскемен әкімі Алмат Ақышевтің айтуынша, соңғы үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен деңгейі көтерілген.

«Көпірді қысқа мерзімде қайта қалпына келтіреміз», – деп сендірді қала әкімі. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...