Қымбатты Отандастар!Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын...
Кемедегі өрттен 150-ге жуық адам қаза тапты
Фото: The Guardian
Демократиялық Конго Республикасында моторлы ағаш кемеде өрт шығып, артынша кеменің аударылуы салдарынан кемінде 148 адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
«HB Kongolo кемесі Конго өзенінде, Мбандака қаласының маңында өртеніп, суға батқан. Бастапқыда қаза тапқандар саны 50 адам деп жарияланған болатын, алайда кейінгі деректер бұл санның 150-ге жуықтағанын көрсетті», — делінген материалда.
Оқиға кезінде кемеде 500-ге жуық жолаушы, соның ішінде әйелдер мен балалар болған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, ағаштан жасалған ескі кемелер ауылдар арасындағы негізгі көлік құралы саналады және көбінесе мүмкіндігінен әлдеқайда артық жолаушыларды тасымалдайды.
Sky News арнасы хабарлағандай, 100-ге жуық адам құтқарылып, уақытша жергілікті әкімдік ғимаратына орналастырылған. Ал күйік шалғандар ауруханаларға жеткізілді. Өзен комиссарының айтуынша, өрт кемеде әйел адам тамақ дайындаған кезде тұтанған. Жергілікті билік пен халықаралық ұйымдар қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін айтып, тергеу амалдарын бастады.