Мектеп автобусы апатқа ұшырап, 20 оқушы мерт болды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
193

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде 20 оқушы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Синьхуа ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Капчорва округіне қарасты Чеквати ауылында болған.

Полицияның мәліметінше, автобус ел астанасындағы бастауыш мектептердің бірінің оқушыларын Сипи сарқырамасына ұйымдастырылған экскурсиядан кері алып келе жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, кері қайтар жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылған.

Қолдағы мәліметке сәйкес, кері қайтар жолда автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Автобус жолдан шығып, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылды, — деді Жол қозғалысы және жол қауіпсіздігі басқармасының ресми өкілі Майкл Кананура.

Апат салдарынан бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...