10 жастағы балаға зорлық жасады деген күдікті өлі табылды

Фото: zamin.uz

PESTEL
172

Өзбекстанның Жызақ облысында 10 жастағы балаға екі ай бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген 53 жастағы ер адам өлі табылды. Күдікті баланың туысы болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған дерек бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 119-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу кезінде күдіктінің бұған дейін де сотталғаны анықталған.

Ер адам прокуратураға жауап алуға шақырылғанымен, тергеуден бой тасалаған. Осыған байланысты 3 қазанда оған іздеу жарияланған.

4 қазанда күдіктінің денесі өзіне тиесілі құрылысы аяқталмаған ғимараттан табылды. Қазіргі уақытта оның өлімінің нақты себебі анықталып жатыр.

Жызақ қалалық прокуратурасы мен ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға берілмек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жаңа сауда орнының ашылуына орай ұйымдастырылған тегін дастарқан күтпеген жағдаймен а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күніне орай білім беру саласының бірқатар қызметкерін мемлеке...