Мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам көз жұмды

Фото: baq.kz

PESTEL
1196

Исламабадта мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Dawn газеті жазғандай, жарылыс Şehzad Town ауданындағы İmam Bargah мешітінде болды. Оқиға жұма намазы оқылып жатқан кезде орын алды.

Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.

Төтенше қызмет пен полиция қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып, мешіт айналасындағы аумақты тексеріп жатыр. 

Пәкістан Президенті Әсиф Али Зәрдаридің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Зәрдаридің айтуынша, ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және бейбіт азаматтарға жасалған шабуылды "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...