Путин соғысты бұрынғыдан да белсенді жалғастыруға ниетті

Фото: Кремль

PESTEL
578

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты бұрынғыдан да белсенді жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Malim.kz-сілтеме жасап. 

NBC телеарнасы америкалық барлау дереккөздеріне сілтеме жасап Путин үшін соғыстың адам және экономикалық шығындарын ақтаудың жалғыз жолы — жаңа аумақтарды басып алу және Ресейдің позициясын сол жерлерде күшейту екенін мәлімдеді.

Барлау қызметкерлерінің айтуынша, соғыс басталғалы бері Мәскеудің келіссөздерге дайын екендігін білдіретін нақты белгілер байқалмаған.

Ақ үй бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартып, президент Дональд Трамптың бейбіт келісімге келу ниеті мен оның «Лукойл» мен «Роснефтьке» қарсы енгізген санкцияларын еске салды. Әкімшілік өкілдерінің сөзінше, Трамп қабылдаған шаралар «соғысты тоқтатуға көмектеседі» деп үміттенеді. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...