Қарақшылар банктен 14 сейф ұяшығын ұрлап кеткен

Фото: Pixabay

PESTEL
161

Германияның Төменгі Саксония жеріндегі Штур қаласында «Фольксбанк» филиалының қоймасы тоналды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Қылмыскерлер ізін суытып үлгерген, ал ұрланған мүліктің нақты көлемі әзірге белгісіз. Клиенттер өз жинақтарына алаңдап отыр.

Жұма күні, 13 ақпанда, түскі үзіліс кезінде – сағат 12:00 мен 14:00 аралығында белгісіз адамдар жарық түсетін шахта арқылы банк бөлімшесінің жертөлесіне кіріп, сейф ұяшықтары орналасқан қоймаға жеткен. Полицияның мәліметінше, 14 сейф ұясы ашылған.

Келтірілген шығынның нақты көлемі әлі есептеліп жатыр, - деп жазады немістің Bild басылымы.

Оқиға банктің қызметкерлері өзін жайсыз сезініп, жүрегі айнып, басы ауырғаннан кейін белгілі болған. Полиция жертөледе белгісіз бір сұйықтық шашылған болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр, алайда әзірге қауіпті заттар табылмаған. 

Куәгерлер шамамен 13:20 кезінде көк түсті комбинезон киген үш ер адамды көрген. Олар банк маңындағы Блокенерштрассе көшесіндегі автотұрақ арқылы қара түсті көлікке, болжам бойынша Volkswagen Golf маркалы машинаға қарай кеткен. Олардың көлікке отырған-отырмағаны нақты белгісіз. 

Дипхольц полициясы күдіктілерді немесе көлікті көрген тұрғындардан бейнебақылау жазбаларын тексеріп, кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды. Ал банк өз салымдарына алаңдаған клиенттер үшін арнайы жедел желі ашқан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай наурыз айында дүниеге келетін сәбилердің ішінде ұлына Кенесары есімін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Mad...