Көз жұмғандар бар: Жүк таситын ұшақ жолақтан шығып, теңізге құлады

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
1424

South China Morning Post басылымы Гонконгтың халықаралық әуежайында жүк ұшағы Boeing 747 ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігіне соғылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға салдарынан көлікте отырған екі қызметкер қаза тапты — олардың бірінің денесі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Жүк ұшағы Emirates EK9788 рейсін Дубайдан орындап келе жатқан. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеуді бастады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсі тоқтатылған, ал ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Қалған екі жолақ — орталық және оңтүстік — әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері 2,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш...