Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы адамдар көз жұмды

Фото: PA Images via Reuters Connect

PESTEL
364

Ұлыбританиядағы Девон графтығында Merlin Mk4 әскери тікұшағы түнгі оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Салдарынан бортта болған 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тікұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы шамамен төрттер шамасында далаға құлаған. Апат туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел қызметтер жіберілді. 

Корольдік флот үш экипаж мүшесінің қаза тапқанын растады. Олардың жеке тұлғалары туралы басқа мәлімет жарияланған жоқ. Апат Дартмур ұлттық паркінің аумағындағы Okehampton Battle Camp әскери полигонына жақын жерде болған. Бұл аймақ корольдік әскери-теңіз күштерінің теңіз авиациясы бөлімшелерін дайындау үшін жиі қолданылады.

Апаттың шығу себебі белгісіз. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Merlin Mk4 Ұлыбританияның қарулы күштері пайдаланатын негізгі тікұшақтардың бірі болып саналады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Өнер иесі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPor...