Танымал әнші де болған: Жолаушылар мінген ұшақ қонғаннан кейін өртеніп кетті

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
945

Бразилияның танымал әншісі Рей Вакейро мінген ұшақ Парельяс әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Бортта сегіз адам болған, олардың барлығы эвакуацияланып үлгерді. Желіде оқиға түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Оқиға 13 қыркүйекте Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы Парельяс әуежайында болған. Sahara Reporters басылымы мәліметінше, Cessna 550 Citation Bravo ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, содан кейін өртенген.

Тілсіз жау екі қозғалтқышты да шарпыды. Бортта Рей Вакейроны қосқанда сегіз адам болған. 

Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері ұшақтан шығып үлгерді. Кейбірі жеңіл жарақат алған, алайда қолда бар мәліметтерге қарағанда, ауыр зардап шеккендер жоқ.

Өртсөндірушілер жалынмен бірнеше сағат бойы күресті. Алайда ұшақ толығымен жанып кеткен.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар жарияланды. Кейбір кадрларда қонғаннан кейін жалынның ұшақтың алдыңғы бөлігіне қалай таралғаны көрінеді. Басқа кадрларда құтқарушылар өрттің қалдықтарын сөндіріп жатыр.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...