Су тасқыны салдарынан 700-ге жуық үйді жайпап өтті

Фото: Anadolu Ajansı

PESTEL
1748

Сирияның Хасека провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны жүздеген тұрғынды әбігерге салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Anadolu Ajansı мәліметі бойынша, табиғи апат салдарынан қала орталығындағы 5 ауданда шамамен 700 тұрғын үй су астында қалған. Көптеген баспанаға зақым келіп, тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Қазір Сирияның азаматтық қорғаныс қызметтері зардап шеккен аумақтарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар су басқан үйлерді тексеріп, тұрғындарға көмек көрсету және салдарын жою шараларын жүргізуде.

Синоптиктер мұндай апаттардың жиілеуін жаһандық климаттық өзгерістермен байланыстырады. Бұған дейін мамандар Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо құбылысы 2026 жылдың соңына қарай қайта қалыптасуы мүмкін екенін ескерткен. Бұл құбылыс әлемнің түрлі өңірлерінде су тасқыны, құрғақшылық және аптап ыстықтың күшеюіне әсер етуі ықтимал. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...