Таудағы қар көшкіні салдарынан үш адам қаза тапты

Фото: Pixabay

PESTEL
234

Францияның Савойя департаментінің оңтүстік-шығысындағы Валь-д’Изер мен Ареш-Бофор тау шаңғысы курорттарында қар көшкіні жүріп, үш шаңғышы қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Ареш-Бофорда шаңғы трассасынан тыс жерде сырғанап жүрген шаңғышы қаза болған. Онымен бірге болған тағы бір адам басынан ауыр жарақат алған.

Екінші қар көшкіні Валь-д’Изерде тіркелген. Бұл жерде екі адам 2,5 метр қалың қардың астында қалған. Телеарнаның хабарлауынша, құтқарушылар шаңғышыларды олардың ұялы телефондарының сигналын бақылау арқылы тапқан. Алайда екі турист те аса ауыр жағдайда анықталып, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда баскетбол ойыны кезінде AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп...