Sәlem Entertainment өз жобасына қатысты жаңа ақпаратты жариялады – «Доспехи Бога: Ультим...
Жоспарлаудан құрылыс аяқталғанға дейін: Тоқаев қаражаттың жұмсалуын бақылауды күшейтті
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы Жарлыққа қол қойып, комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге және бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады.
Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтап, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.
Бағдарламаның жүзеге асырылу барысына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.
Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, сондай-ақ өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.