Салқын уақытта жеміс-жидектен бөлек, ыстық сусындардың денсаулығыңызға пайдасы мол, деп хабарлайды m...
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді
Кеше Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған.
Заң жобасы Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді. Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады. Мәселен, адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын алуға бағытталған бірқатар шара көзделген. Заң жобасын депутаттар мемлекеттік органдары, сарапшылар қауымдастығы және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі. Бұл құжатты дайындауға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысты.
Ерлан ҚАРИН,
Мемлекеттік кеңесші