БАҚ: Иран зымыраны Тель-Авивтегі АҚШ елшілігі маңына құлады

Ашық дереккөздерден

САЯСАТ
1431

Тель-Авив қаласындағы АҚШ елшілігінің ғимараты орналасқан жерге жақын маңға зымыран түскен. Бұл туралы Израильдің Ynet порталына сілтеме жасап Мadeniportal.kz хабарлады.

«Зымырандардың бірі АҚШ елшілігінің кешені жанындағы аумаққа құлады», – делінген ақпаратта. Бірақ зымыран нақты қай елден ұшырылғаны нақтыланбаған.

Ал АҚШ-тың Израильдегі елшілігінің өкілі Майк Хакаби зымыран жарылысы салдарынан ғимарат аздап бүлінгенін, бірақ елшілік қызметкерлері зардап шекпегенін мәлімдеді.

Осы оқиғадан бұрын Тель-Авивтегі бір биік ғимаратқа иран зымыраны тиген. Бұл үйде Данияның Израильдегі елшісі Томас Винклер тұрған. Ол кейінірек Facebook парақшасында өзі дін аман екенін, сол сәтте қауіпсіз жерде болғанын жазды.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...