Күні кеше ғана Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқыл...
Шетелдік платформалар отандық бизнесті қыспаққа алды: Перуашев әділетсіздікпен күресуге шақырды
Madeniet Portaly
Қазақстанның ақшасы сыртқа ағылуда, дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. Оның айтуынша, Temu мен AliExpress сияқты Қытайдың онлайн-алаңдары елімізде еркін әрекет етіп отыр, алайда бюджетке түсетін пайда мардымсыз. Бұл өз кезегінде отандық кәсіпкерлерге ауыр салмақ салуда.
Депутаттың дерегіне сүйенсек, шетелдік платформалар 200 еуроға дейінгі тауарларға кедендік төлем төлеуден босатылып, НДС (ҚҚС) мүлде төлемейді. Ал жергілікті кәсіпкерлер 16,3%-дан 62%-ға дейін салық міндеттемесін арқалауға мәжбүр. Нәтижесінде, 2023 жылы ел қазынасы 60 миллиард теңге жоғалтқан.
Перуашев бірнеше нақты ұсыныстар айтты:
-
Шетелдік маркетплейстерді Қазақстанда міндетті түрде салық органдарына тіркеу керек;
-
Олар еліміздегі тұтынушылардан түскен табыстарға НДС және өзге де төлемдерді төлеуі тиіс;
-
Отандық электронды сауданы қолдап, халықаралық төлем жүйелерімен жұмыс істеуді жеңілдету қажет.
«Осындай жүйелі шаралар қолға алынбаса, отандық кәсіпкерлер шетелдік арзан бәсекелестерге төтеп бере алмайды. Бюджет кірісі де артып, әділетсіздік те азаяр еді», — деді Перуашев.