Үкібай Уәлиге бағына ма?

ЖАҢАЛЫҚТАР
5660

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кеңсесінің құрлымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ шешімімен Айдос ҮКІБАЙ елбасының баспасөз хатшысы, Арслан ДАНДЫБАЕВ протокол басшысы, Нұрлан ЫБЫРАИМ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан ҚАЙМОЛДАЕВ құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Асқар МОЛДАҒАРИНОВ кеңсе басшысы хатшылығының меңгерушісі,Елдар ТОМАШОВ елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

19 наурыз күні президенттік өкілеттілігімді тоқтаттым деген Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ Қауіпсіздік кеңестің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жетекшісі ретінде қалатын да айтқан еді. Яғни саяси аренада қала беретінін басын ашып мәлімдеді. Көптеген сарапшылар Н. Назарбаев де-юре кетті, де-факто өз орнында қалды деген пікір білдірген.

Әзірге тұңғыш президенттің кеңсесі нақты қандай жұмыстар атқаратынын ресми органдар айтқан жоқ. Оның мүшелері қоғамдық ұйым қызметкерлері ме, әлде шенеуніктер армиясына қосыла ма?

Қазақстанның өз ішінде Н. Назарбаевтың ықпалы қала беретіні түсінікті. Ал халықаралық аренада ше? Мәселен Ресей, Беларусь сияқты елдерді санамағанда дамыған АҚШ, Батыс елдері үшін елбасы статусы жүре ме?

Қоғамда Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ президент болса да Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА бағынышты екендігі айтылып жатыр. Ал енді олардың баспасөз хатшыларының қайсы кімге басшы? Қызық…

Коллаж: zhasalash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...