БАҚ: Ақ үйдің кадрлар жөніндегі директоры Өзбекстаннан шыққан болып шықты

ашық дереккөзден алынған

САЯСАТ
773

Ақ үйдің кадрлар жөніндегі директоры Серхио Гордың шыққан тегі Өзбекстанға тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы Times of Malta басылымы тергеу материалында жазған. Онда АҚШ президенті Дональд Трамптың айналасындағы жоғары лауазымды тұлғаның шын тегі мен туған жері жайлы мәліметтер келтірілген.

«Гордың шын есімі — Гороховский. Ол КСРО құрамындағы Ташкент қаласында дүниеге келген», — делінген жарияланған материалда.

38 жастағы Гордың шыққан тегіне қызығушылық оның туған жерін көрсетуден бас тартуымен және «Бұл — Ресей емес» деген сөзімен байланысты артқан. Оның қызметі мыңдаған адамды тексеру мен Трампқа адалдығы тұрғысынан үміткерлерді іріктеуді қамтиды. Осындай жауапты қызмет атқарып отырған адамның құпия ақпараттарға тұрақты рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды толтырудан бас тартуы оның тұлғасына ерекше назар аудартып отыр.

The Washington Post басылымы Серхио Горды «сіз ешқашан естімеген ең ықпалды адам» деп сипаттаған. Ал Гордың өзі Мальтада туғанын және бала кезінде АҚШ-қа қоныс аударғанын айтады. Мальта сыртқы істер министрі Иан Борг оның осы елде білім алғанын, мальта тілінде еркін сөйлейтінін және елмен терең әрі берік байланысы бар екенін алға тартқан.

Алайда маусым айының соңында EU Today басылымы «Трамп кадр бөлімінің басшысы кім?» атты мақаласында Мальта билігі оның тууы жөнінде ешқандай жазбаны ұсына алмағанын жазды. Басылым мәліметінше, Мальтаның Коспикуа елді мекеніндегі тұрғындар Горды бала кезінде көргендерін айтқан, бірақ оны «ресейлік бала» деп атағандарын және ата-анасының 1980-жылдардың соңында аралға көшіп келгенін де еске түсірген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...