Айдар Омаров "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының жаңа президенті

Фото:_aidar.kz парақшасынан

ҚАЗАҚ КИНОСЫ
3489

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты "Қазақфильмнің" тағдырына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz zakon.kz сілтеме жасап. 

Мәлімдеме 2024 жылғы 1 тамызда департаменттің Telegram-каналында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Азамат Сатыбалдының "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, 2024 жылғы 31 шілдеде белгілі болды.

Еске салайық, Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" акционерлік қоғамының президенті болып 2023 жылғы 28 шілдеде тағайындалды.

Шоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көп әйел алу тақырыбын қозғады, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде әйелдің өліміне қатысты бұрынғы күйеуі ұсталды. Қайғылы оқиға 5 қарашада болған, деп хабарл...