Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақ...
Мұхтар Мағауин Қазақстанға не үшін оралмаған?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал жазушы Мұхтар Мағауин өмірінің соңына дейін Қазақстанға не үшін оралмайтынын айтып кеткен, деп хабарлады madeniportal.kz.
Мұхтар Мағауин "Халық үні" каналына берген сұхбатында Қазақстанға оралмау себебін ашып айтты.
Журналист Ая Өміртай «Мағауин елге қайтпай ма?» деген сұрақтардың әлеуметтік желіде көптеп тарағанын алға тартты.
«Жоқ бармаймын. Бір жағдай бар. Айтпаса болады. Шетелде бір жыл үйренген адам елге қайтып барғысы келмейді. Өйткені біздің қоғам – орыс қоғамы. Отаршылдықтың зардабы әлі тұр. Сен көшеде еркін жүре алмайсың, ақыр аяғы. Айттым ғой, мен жаңалық аштым деп. Неге кейіпкерімді жек көрді? Менің ұнамды кейіпкерімді дарынды жігітті жек көрді. Өйткені ол «совет адамы» емес екен. Ал кейіпкер менің өзіме ұқсатылған. Мен де «совет адамы» емеспін. Отырған отырсың, жүрген жүрісің, сөйлеген сөзің ұнамайды. Совет адамы емессің сен деп. Біздің орта оңалатын шығар. Шетелге шыққан жастар көріп жүр ғой. Ашаршылық кезінде халықтың үштен екісі қаза болды. Назарбаевтың отыз жылдық билеуінде бүкіл қазақ жанынан иманынан айырылды. Қайта түзелу үшін жұмыс жасалу керек», - деді Мұхтар Мағауин «Халық үні» каналына берген сұхбатында.