Жазушы, сценарист, блогер Перизат Мырзахмет су тасқынына және Бишімбаевтың сотына байланысты өз пікі...
Әрекеті арқылы жұбайын қорқытқысы келген
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
2776
Астанада жұбайын қорқыту үшін 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ ол сол кезде мас болған. Әрекеті арқылы жұбайын қорқытқысы келген.
“Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды”, – деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Азамат 15 тәулікке қамауға алынды.