Елорда тұрғындары бүгін кешкісін Астанадағы қолайсыз ауа райы бейнеленген видеоларды желіде бөлісуде...
Балабақшада тағы да шу шықты
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.
Келеңсіз жағдай ата-аналар бейнебақылау камераларының жазбаларын көргісі келген кезде анықталды. Видеода тәрбиеші балаларға дөрекілік танытып, итеріп, басынан ұрғаны көрсетілген, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қалалық білім беру басқармасы түсініктеме беріп, тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
«1 шілде күні Павлодар қаласындағы №79 балабақшасының ортаңғы топ ата-аналары бейнебақылау камераларын көруге рұқсат сұрап, балабақша жетекшісінің міндетін атқарушыға жүгінді. Бейнежазбалардан тәрбиешінің балаларға дөрекілік көрсеткені көрген. Еңбек заңнамасына сәйкес, осы оқиға бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды», – деп хабарлады қалалық білім беру бөлімі.
Бүгінде материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.
Еске сала кетейік, Павлодардағы балабақшаларда балаларға қатысты мұндай оқиға алғашқысы емес. Маусым айында қаланың №16 балабақшасында осындай шу шыққан. Бейнебақылау камераларының жазбаларында ата-аналар тәрбиешінің екі жасар балалардың басынан ұрғанын көрген. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды қолмен ғана емес, тіпті ыдыспен де ұрған.