Қазақтың еті «Аспаздар шайқасы» аспаздық шоуында бірінші орынды иеленді, деп хабарлады m...
«Бәріне позитивпен қараймын»: Бойжеткен әскердегі жігітін жігерлендірді (ВИДЕО)
коллаж: madeniportal.kz
Әлеуметтік желілердің бірінде Ақерке Өмірзақова есімді блогердің 3502 әскери бөлімінің кездесу бөлмесінде түсірген видеосы миллионнан астам қаралым жинаған, деп жазды madeniportal.kz.
Кадрдан ақтөбелік бойжеткеннің Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігітімен кездесу үшін Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне келгенін көруге болады. Алайда сарбаз қызмет бабына байланысты сол күнге демалыс ала алмайды. Бұны естіген ару сөз байласқан жігітінің көңіл-күйін көтеріп, жігерлендіуге тырысқан. Блогер қыз сүйіктісі арасындағы диологты камераға түсіріп, кейін оны интернетте жариялаған. Екі жастың арасындағы шынайы әңгіме желі қолданушыларының назарына іліккен.
Қатардағы жауынгер Айбек Калиуллов 3502 әскери бөлімі коменданттық взводының 4 бөлімшесінде қызмет атқарады.
«Мен сүйген қызыма отбасы құруға ұсыныс жасап, тойға дайындалып жүргенде әскерге шақырылдым. Қазір өз қызметімді жауапкершілікпен атқарып келемін. Сіздер көрген видеоны биылғы күз айында болашақ жарым түсіріп алған еді. Онымен сөйлескенімде бейнежазбаның танымалдылыққа ие болғанын естідім», - деді сарбаз.
Айбек Өмірзақұлы 2000 жылы өмірге келген. Ол бұған дейін Орал қаласындағы колледжде және университетте мұнай-газ бойынша инженер-техник мамандырқтарын игеріп шыққан. Әскерде қызмет атқарып жүргеніне 6 айдан асқан. Бүгінде оны сүйгені асыға күтіп жүр.
«Оны біздің тойымызға екі ай қалғанда армияға алып кетті. Бастапқыда тұңжырап қалғаныммен дереу өз-өзімді қолға алдым. Керісінше азаматымның Отан алдындағы міндетін атқарып келгені дұрыс екенін ұғындым. Ал желіде тараған видео жұрттың қызығушылығын шынайылығымен баурап алды деп ойлаймын. Жалпы Айбек әрқашан айтқан сөзінде тұрады. Сол күнгі кездесу ойлағанындай болмай қалғанын айта бастаған еді. Мен оған бірден қолдау білдірдім. Эмоциямен айтылған сөздерім де болды. Бастысы бәрі де ойдағыдай екенін және онымен жүздескенімнің өзіне риза болғанымды жеткіздім. Бұйырса, бірнеше айдан кейін бір-бірімізбен қауышамыз!», - деді бойжеткен.
Осылайша, әскердегі жақынын күткен арудың басқа да бейнежазбалары желі қолданушыларын сүйсінткен.