«Малмен мал болма»: Журналист көшпенділер ойындарына келген байларға ескерту жасады

Фото: inbusiness.kz

Қоғам
2132

Екінші жарыс күнінде автокөліктің ипподромға жақын келуі салдарынан оқыс оқиға бола жаздаған. Бұл туралы журналист Азамат Әбілқайыр өзінің TikTok-парақшасында мәлімдеген, деп жазады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Журналистің айтуынша, елордадағы "Қазанат" атшабары қорасының жанына тұрақтаған Maybach автокөлігі жылқыларға дабыл дыбысын (сигнал – авт.) басқан. Дыбыстан үркіген жылқылар оқыс қимыл жасаған. Абырой болғанда, үстіндегі адамдары аман.

"Мал қорадан қазақтар мен қырғыздар және америкалықтар жылқыларын шығарып жатыр. Сол сәтте жанынан аппақ Maybach мінген "крутой" келеді де, сигнал береді малға. Анау жылқы үркіп жатыр. Үстіндегі адамы құлап майып болса, жылқы жарақат алса не болады? Айналайын, малдың жанына келіп сигнал берме! Ауылдың адамы болсаң сен түсінер едің. Бірақ, сен түсінбейсің ғой. Маған жол беріңдер деген көкірегіңді мына жылқының қасында көрсетпе. Ол – мал, сені түсінбейді, адам болып сен оны түсінуің керек. Малмен мал болма", - деп мәлімдеді журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...