Маңғыстау облысында мектеп оқушылары жаппай уланды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2167

Маңғыстау облысында мектеп оқушылары жаппай уланды: асхана қызметкерлеріне айыппұл салынды, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында балалар уланған мектеп асханасының қызметкерлері жалған санитарлық кітапшалар пайдаланғаны анықталды. Жауапты тұлғалар жазаға тартылды.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған болатын. Дәрігерлерге 450-ден астам адам жүгінді, екі бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі («Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, желтоқсан айында мектеп асханасының төрт қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.